Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Малайзия – мұсылман саяхатшыларының таңдаулы мекені

26.03.2015 4270 0 пікір

GMTI компаниясы мұсылман туристеріне қолайлы елдер көрсеткішін жасады. Нәтижесінде, Малайзия елі Ислам ынтымақтастығы ұйымына кіретін елдер ішінен алғаш болып осы саладағы үздіктер көшін бастады.

Екінші орынға Түркия елі табан тіресе, үшіншіні Біріккен араб әмірлігі қанағат тұтты. Мұнан кейінгі ретте Сауд Арабиясы мен Қатар бар. 

GMTI компаниясы зерттеу жүргізген елдерге қойылған талаптар да әр алуан, шамамен түрлі сала бойынша 100 категория негізінде мұсылман халқына қолайлы туристік ел үздіктері анықталды.

Ал, ИЫҰ-на мүше емес елдер ішінен алғашқы орын Сингапурде, екінші – Тайландта. Бестік қатарына Ұлыбритания, Франция және Оңтүстік Африка елі де еніпті. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру