Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орталық Азияның ислам ғұламалары бас қосты

16.03.2015 4165 0 пікір

Орталық Азияның ислам ғұламалары бас қостыҚырғызстан астанасы Бішкек қаласында Орталық Азиядағы ислам ғұламаларының (улемдер) алғашқы аймақтық форумы өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан дін ғалымдары қатысты. Бұл жайында белгілі дінтанушы ғалым «Дін, құқық және саясат» зерттеу орталығының директоры Қадыр Маликовтың ақпаратына сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. 

Форумға жиналғандар шара соңында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан Мұсылмандары діни басқармаларын, Ислам ғұламаларын, рухани басшылардың басын қосатын, бірігіп жұмыс істеуге жол ашатын тұрақты «алаң» құру туралы Қарар қабылдады.

Орталық Азия діндарларының (улемдері) мақсаты - қазіргідей уақытта бірлікті нығайта отырып, экстремизм мен радикалды діни көзқарастағылардың көбеюіне қарсы тұру. 

Форумға қатысушылары ішкі конфессиялық қақтығыстарға себеп болатын «тәкфіршілер», «жихадшылар» сияқты исламды бұрмалап насихаттайтын идеологияларды талқыға салады. 

Олар радикалды, лаңкестік идеологияны қабылдамау, қандай түрде болса да экстермизмнің пайда болуына жол бермеу мәселелерін ортаға салып, Ауғанстан, Сирия, Ирак, Ливиядағы қақтығыс аймақтарына азаматтардың қатысуына жол бермеу мәселесін көтерді.

Дін ғұламаларының келесі форумы да Қырғызстанда өтіп, одан кейін Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанда ұйымдастырылмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру