Түрік мектептерінде бірінде оқитын жетім бала оқытушысына Мемлекет басшысы Реджеп Тайып Ердоғанға хат жазуын сұрап, мектептегі ата-аналар жиналысына келуін өтінген еді.
Шәкіртінің бұл ұсынысына ұстазы келіскенімен, хатқа жауап ретінде мемлекет басшысының мектепке келмеуі мүмкін екендігін ептеп түсіндіріп, үлкен басшының уақыты болмайтын шығар деп сендіріп қояды. Өйткені, мемлекет басшысы ата-аналар жиналысына келеді деген ой оқытушылардың үш ұйықтаса түсіне кірмеген еді.
Алайда, жиналысқа келген ата-аналар мен ұстаздар қауымын шалқасынан түсіре жаздаған оқиға орын алды. Түрік елінің президенті жетім баланың өтінішін жауапсыз қалдырмады. Және бұдан бұлай ел басшысы ретінде барлық тұрғындар үшін жауапты болғандықтан, бұл баланың әкесі орнында болатынын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.03.2015
4907
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру