Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман дәрігер тегін емхана ашты

12.03.2015 3892 0 пікір
Мұсылман дәрігер тегін емхана аштыКалифорния штатындағы Сан-Бернардино қаласында тұратын Макбул  Патель есімді мұсылман жігіті тегін стоматологиялық емхана ашып, қала тұрғындарына еш ақысыз көмек көрсете бастады. Жаңа медициналық орталықта кез келген көмекке зәру жандар діни ұстанымы немесе этникалық шығу тегіне қарамастан, ем-дом қабылдай алады.

Патель өзінің адамдарға жақсылық жасауға деген талпынысын былайша түсіндіреді: «Мен үшін медицина – қайырлы мамандық. Қоғам үшін қызмет ету – үлкен абырой». АҚШ мұсылмандары қоғамының белсенді мүшесі ретінде тіркелген ол түрлі шараларға атсалысып келеді.

Он балалы отбасында ержеткен Патель дің жолын ұстанған өзге ағайындары болмағанымен, Самир есімді ұлы мен Асма атты қызы әкелерін жолын қуып, тіс дәрігері атанған.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру