Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кіші қажылықта көз жұмған жерлесіміз Мадинадағы Бақиғ зиратына жерленді (ФОТО)

07.03.2015 5384 1 пікір
Кеше, қасиетті жұма күні Мадина қаласында кіші қажылығын өтеуге барған Байнеева Биссара есімді жерлесіміз кенеттен көз жұмды. Қасиетті күні, қасиетті қалада қайтыс болған қандасымызға Мадина шаһарындағы Бақиғ зиратынан топырақ бұйырды.

Сапарластарының айтуынша,  Биссара апамыз ұшуға дайындалып, заттарын төменге түсіріп жүрген көрінеді. Денсаулығы да қаз-қалпында, апамыз ширақ болған еді дейді қасындағылар. Дегенмен, ажал айтып келмейтіні белгілі.

Биссара апамыздың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, қөңіл білдіреміз! Иманы жолдас болғай!Адамзаттың абзалы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бір сөзінде: «...Расында, мен Мадинада қайтыс болғандарға шапағат етемін», – деген екен. Марқұм апамызға пайғамбарымыздың шапағаты нәсіп болсын!

www.muslim.kz

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Саулен Айторе | 26.11.2017 12:58

ƏЛХАМДУЛИЛЛƏҺ! АЛЛА Тағаланың Қалауы - ТЕҢДЕССІЗ! Алдынан Жврылқағай! Əмин!