Франция премьер-министрі Мануэль Вальс жоғары оқу орындарындағы ислам дінін оқыту бойынша курстарды көбейту үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлетіндігін мәлім етті. «Бұл Француз имамдарының шетелде емес, ел ішінде білім алуына жағдай жасау мақсатында туындап отыр» дейді үкімет басшысы.
Мануэль Вальс бұл уақытқа дейін шетелде дін саласын оқыған имамдарды да осы курстарда білім алуға шақырды. Оның айтуынша, дін қызметкері мемлекеттік тілде еркін білуі, зайырлы қоғам қағидаларын дұрыс түсінуі қажет. Қазіргі уақытта Францияда 6 университет ислам зерттеулері мен теология бойынша курстар жүргізуде. Премьер-министр бұл көрсеткіштің екі есеге, яғни 12-ге артатынын айтты. Айта кету керек, аталмыш курста оқу ақылы емес. Мемлекет есебінен, толықтай тегін өткізіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.03.2015
3892
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру