Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия президенті кіші қажылығын өтеді

02.03.2015 3951 0 пікір

Түркия президенті кіші қажылығын өтедіСауд Арабиясына арнайы іссапармен келген Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған кіші қажылығын өтеді.

Ердоған мен түрік елінің делегациясы түн ішінде мұсылмандардың қасиетті мешітіне бас сұғып, Қағбаны жеті рет айналып, Сәфа-Мәруа жоталары арасын жүріп өту рәсімдерін орындады. Кіші қажылығын өтеген соң түрік басшысы Джидда қаласындағы корольдік резиденцияға аттанып кетті.

Ердоғанның бұл сапарында онымен бірге жұбайы Эмине Ердоған, вице-премьер Ялшын Ақдоған және Нуман Куртулмуш, экономика министрі Нихат Зейбекджи және сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы сынды мемлекеттік қайраткерлер де кіші қажы атанып қайтты.

Бүгін түрік делегация Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітін зиярат ету мақсатында Мадина қаласына аттанады. Діни рәсімдерді орындап болған соң Ердоған Эр-Рияд қаласында Салман бин Абдель-Азизбен жүздеседі.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру