Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Финляндияның ұлттық радиосында құран оқылатын болады

27.02.2015 3962 0 пікір

Финляндияның ұлттық радиосында құран оқылатын боладыФинляндияның Yle ұлттық радио телерадиокомпаниясы өздерінің жұмыс жоспарына жаңа бағдарлама енгізді. Енді финдіктер ұлттық радиоларынан қасиетті Құран Кәрімді тыңдайтын болады. Жарты сағатқа созылатын Құран оқу бағдарламасы жалпы саны 60 бөлімге бөлінген көрінеді. Сондай-ақ, әр бағдарлама қасиетті Құранның оқылған сүрелері бойынша екі сарапшы аяттарды тәпсірлеп, мағынасын түсіндіріп отырады. 7-наурыз күні бастау алатын жоба «финдіктердің Құран мен мұсылман мәдениеті бойынша деңгейін көтеруге» арналады.

Финляндияның мұсылмандар жамағатының басшысы Анас Хаджар мен Құранды фин тіліне аударған профессор Яакко Хамин-Анттила екеуі бағдарламаның екінші бөлімінде қасиетті Құран аяттарынның мағынасын түсіндіретін болады. «Ислам дінін толық түсіну үшін Құранды оқып шығу керек, – дейді Хамин Антттила.

Ресми деректер бойынша, финляндияда 60 000мұсылман жамағаты өмір сүреді.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру