Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғыз имамдары дәстүрлі дінді дәріптеуде

24.02.2015 4179 0 пікір

Таяуда Қырғыз мұсылмандары діни басқармасында бас мүфти Мақсат Тоқтомушов пен «Ыйман» рухани мәдениетті дамыту қорының төрағасы Нұржігіт Қадырбеков кездесіп, дін жайында ой бөлісті.

Отырыста діни бірлестіктер мен ұйымдардың жұмыс барысын мемлекеттік реттеу қағидалары және басты бағыттары анықталған 2014-2020 жылдарға арналған республиканың дін саласындағы мемлекеттік саясаты Концепциясын іске асыру мақсатында екіжақты әріптестік, әрекеттестік жайы талқыланды.

«Ыйман» қорының төрағасы Қырғыз мүфтиімен ел азаматтарының рухани әлеуетін көтеру, конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Бұған қоса, Ханафи құқықтық мектебі мен Матуруди ақидасы негізінде дәстүрлі исламды бекіту шарттары мен механизмдерін құру тақырыбында пікір алмасты.  

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру