Мьянма мемлекетінің Янгоне қаласында 1937-жылы ашылған Тегін мұсылмандар ауруханасы (Muslim Free Hospital) бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтеріне қол жеткізе алмаған қаншама жанға көмек қолын ұсынып, мыңдаған жанның алғысына бөленген аурухана келген науқастарды дініне немесе ұлтына, нәсіліне бөліп алалаған емес. Аурухана шығындары жергілікті мұсылман кәсіпкерлерінің қайырыдылығы арқасында жұмыс істеп келеді.
Осылайша, 80 жыл бойы Мьянма мұсылмандары жағдайы нашарлар жандарға медициналық көмек көрсетіп, сырқаттарынан сауығуына себепкер болып келеді. Бір қызығы, мұсылман жамағаты Мьянма тұрғындарының бар болғаны төрт-ақ пайызын құрайтын көрінеді.
Медицина орталығындағы дәрігерлер құрамы да әртүрлі. Бұл жерден мұсылмандармен қатар, христиан, будда дінін ұстанушылар да қызмет атқарады. 80 жыл бойы халықты тегін медициналық қызметпен қамтамасыз етіп келген дәрігерлерлік құрамның жалпы саны –45 адам.
Аурухана күніне 450 жанды қабылдайды. Қазіргі уақытта хирургиялық, терапевттік, көз және акушерлік бөлімшелер жұмыс істейді. Орта есеппен, ауруханада жылына 6000-нан астам жан ем қабылдаса, ай сайын дүние есігін ашатын сәбилердің саны 220-ны құрап отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.02.2015
4106
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру