Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар форумы дін қызметкерлерінің беделін арттыра түспек

14.02.2015 3860 0 пікір

Елордада өтетін имамдар форумы сынды жоғары деңгейлі жиынға қатысып, дін саласында қызмет ететін өзге әріптестермен кездесу, өзара тәжірибе алмасудың маңызы зор.

Бұл туралы Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Ғалымжан Маханбетов «Алау» телерадиокомпаниясының «өмір ағымы» бағдармасына қатысып, сұхбат берді. Наиб имам Ғалымжан Маханбетов: «Мұндай игі ісшаралар дін қызметкерлеріне күш-жігер беріп, ертеңгі күнге деген сенімін нықтап, беделін арттыра түспек»,-деді.

Сонымен қатар, «Марал ишан» мешітінде жұма уағызында наиб имам Икрам Бақытжан мешітке келген жамағатқа алғаш рет өтетін республикалық имамдар форумы жайлы мағлұмат беріп, маңызы жайлы қысқаша түсіндіріп өтті.

Қостанай облысының баспасөз қызметі


0

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру