Англия мен Уэлсь аймағында ресми деректерге сәйкес, мұсылман жұртшылығы бала туу көрсеткішінің көптігімен әрі қартаң кісілердің төмен көрсеткішімен жалпы халық санынан оқ бойы озық тұр.
Ресми дереккөздері , әрбір 3-ші мұсылманның жасы 15-тен кіші, ал әрбір бесінші ағылшын баласы осы жас мөлшерінде екендігі айтады. Сондай-ақ, қартаң кісілер саны мұсылмандар арасында төмен, негізінен жастар қатары мол. Дәлірек айтсақ, 65 жастан асқан кісілер мұсылман қауымының 4 пайызын ғана құрайды. Ал жергілікті халықта бұл көрсеткіш 16 пайызға тең келеді.
2001 жылы Англия мен Уэльсте мұсылман үмметінің сандық көрсеткіші 1,55 млн болса, 2011 жылы 2,71 млн-ға жеткен. Бұған қоса Шотландияда 77 мың, Солтүстік Ирландияда 3,8 мың мұсылман өмір сүруде.
Ал Англия мен Уэльсте тұратын мұсылмандардың тең жартысы осы елде туылған әрі ¾ бөлігі (73%) өздерін толықтай ағылшын санайды. Ал үш мұсылманның екеуінің шығу тегі Азия елдерінен екен.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2015
3843
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру