Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пәкістандық мұсылман оңай олжадан бас тартты

12.02.2015 4002 0 пікір

Дубайда құрылыс компаниясында жұмыс істейтін Мұхаммед Әлім есімді пәкістандық азамат банкомат жанынан тауып алған ақшаны полиция өкілдеріне тапсырып, қоғамның ыстық ықыласына ие болды.

Мұхаммед Әлім 50 000 дирхам (13 000 АҚШ доллары) көлеміндегі ақшаны қала банкоматтарының бірінен тауып алып, дереу полиция учаскесіне тапсырады. «Өзгенің қаржысын өзім иеленіп кете алмаймын. Мен маңдай теріммен, таза еңбекпен тапқым келеді» дейді Мұхаммед The National басылымына берген сұхбатында.

Ал, банкомат маңында ақшасын қалдырып кеткен Сауд Арабиясының кәсіпкері болып шықты. Полиция полковнигі Әділ ас-Сувейдің айтуынша, саудиялық кәсіпкер 150 000 дирхамын өз шотына салмақшы болып, алайда, алғашқы банкомат ақшаны қабылдамағандықтан, келесі аппаратқа 100 000 дирхамын салып, қалған ақшасын алдыңғы банкоматта қалдырып кетеді.  

Ал, пәкістандық мұсылман Мұхаммед Әлімнің әрекеті жайлы оның ауылда қалған жанұясы естіп, ерінің бұл қадамына қатты қуанған. М.Әлімнің еңбек ақысы 1 000 долларға да жетпейді екен, ал ол 50 000 дирхам қаражатты ұстап көрмеген екен. Полиция қызметкерлері Мұхаммедтің мұсылманға лайықты ісіне разы екендіктерін білдіріп, сый-сияпат жасады. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру