Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті мешіттің тастары сатылып жатыр

11.02.2015 4033 0 пікір

Қасиетті мешіттің тастары сатылып жатырСауд Арабиясының қара базарында нұрлы Мекке мен Мәдина шаһарларындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан қасиетті мешіттерге қаланған тастың сынықтары сатылып жатыр.

Мұндай жәдігерлерді бағасы шарықтап тұрғанына қарамастан сатып алушылардың қарасы көп. Бір тастың құны – 40 000 доллар. Исламның қасиетті екі құлшылық үйіне қамқор уақыптар баспасөз қызметінің хатшысы бұл келеңсіздікпен күрес жүргізіліп жатқанын жеткізді. Барлық тас сынықтары арнайы каталогқа салынуда. Олардың кейбіреуін арнайы мамандандырылған сәулет көрмесінен тамашалауға болады. Полицияның мәліметіне қарағанда тас сынықтарын шетелдік жалдамалы жұмысшылар ұрлаған көрінеді.

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру