Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Адал астың арзан түрін өндіреді

11.02.2015 4009 0 пікір

Малайзия төмен бағада халал ас өнімдерін жасауды қолға алды. Бұл бастама супермаркеттердегі қымбат азық-түліктерді алуға мүмкіндігі шектеулі адамдарға оңтайлы жағдай жасауды көздеп отыр.

Жоғары Кеңес мүшесі доктор Аффивуддин Омар бұл қадамға елде таяуда басталған азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты тұтынушылардың арыз-шағымы негіз болғанын айтады.

«Қазіргі уақытта жобаға қажетті құжаттарды дайындаудамыз. Осыдан кейін біз банк пен мемлекеттік құзыретті органдарға ұсынамыз, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды да атсалысуға шақырамыз» дейді ол.

Сондай-ақ, доктор А.Омар бұл арзан халал өнімдері тек мұсылман үмметі үшін ғана емес, барша адамдарға да сатып алуға болатындығын айтты. Ол үкіметтің осы кәсіпорынды салу үшін жер телімін бөледі деген үміттері бар екендігін де жасырмады.

Ал Малайзия премьер-министрінің орынбасары Мұхиддин Ясин бағаның қымбаттауына байланысты әртүрлі кәсіпорын өкілдерімен жақын уақытта кездесу өткізетіндігін мәлімдеді. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру