Берлин қаласының мұсылман жастарынан құралған белсенді топ қасиетті Құран Кәрімнің неміс тіліне аударылған көшірмелерін тегін таратуды қолға алды. Кампания жұмысы Ислам дінінің шынайы бет-бейнесін танытып, оның лаңкестік пен зорлық-зомбылықтан ада мейірім дінін екенін көрсетуге бағытталған.
Қасиетті Құран тарату акциясы жақын күндері Франкфурт, Гамбург және Боин қалаларында жалғасын таппақ. Бұл қадам соңғы уақыттары Еуропада көтеріліп келе жатқан антиисламдық көзқарастарға қарсы жасалып отыр.
PEGIDA деп аталатын антиисламдық қозғалыс өткен жылы бірнеше митинг ұйымдастырып, «Батыстың исламилануына» қарсы шаралар өткізген болатын. Осы себепті де, неміс жастары бейбіт түрде оларға қарсы күрес жүргізу керек деп есептейді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.02.2015
3929
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру