Австралиялық мұсылман келіншек бірнеше жыл қоғамдық жұмыстарда белсенді қызмет атқарғаны үшін Квинсленд штаты жастары арасында «Жыл адамы-2015» марапатына ие болды.
«Жастарға арналған бастама кез келген жастың қоғамдық ахуалға, әлеуметке пайдасы тиер жобалармен жұмыс істеуіне зор мүмкіндік береді» дейді жеңімпаз атанған Жасмин Абдел-Маджид.
Жасмин өз жобасын 16 жасында қолға алған. Қазіргі уақытта ол өз мамандығы бойынша мұнай-газ өндірісінде жұмыс істегенімен, қоғамдық жұмыстардан тыс қалмай келеді.
Айта кетейік, Жасмин Абдел-Маджид 2007 жылы «Австралияның жас мұсылманы» марапатына иеленген. Ал Австралияда жастардың қоғамда белсенді қызмет етіп, мемлекеттің тұтастығы мен дамуына атсалысуларына қолдау ретінде осы сынды түрлі конкурстан өткізіліп тұрады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.02.2015
4308
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру