Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады

04.02.2015 4400 0 пікір
Алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынадыИнодонезия үкіметі қоғамдық орындарда, соның ішінде шағынмаркеттер мен дүкендерде алкогольді сусындар сатып келгендерге қарсы күрес шаралар қолданатынын мәлімдеді. Ережені ескермеген дүкендер мен маркеттерді сауда жүргізу құқығынан айырылады. «Бұл ереже сәуір айында толық күшіне енеді. Жасырын түрде алкогольді өнімдер сататын дүкендер жұмысын тәркілеу барысында бізге тұрғындардың көмегі тиеді деп сенеміз», – дейді Сауда министрі Рахмат Гобель өзінің Ұлттық алкогольге қарсы қозғалыс мүшелерімен кездесу барысында.

Гобель өз баяндамасында соңғы уақыттарда алкогольдің кесірінен жастардың көз жұмуы көптеп кездесетіндігін қинала жеткізді. «Өрімдей жастарымызды жоғалтқанымызша, алкогольдік өнімдерге төленетін салықтан түсетін пайдадан бас тартайық», – деді ол.

Ішкі Сауда департаментінің директоры Сри Агустин алкогольді өнімдерді сатушыға үш мәрте ескерту жасалғаннан кейін сауда нүктесін жабатындықтары туралы мәлімдеді.

www.muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру