Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тек әйелдерге арналған мешіт ашылды (ФОТО)

03.02.2015 4317 0 пікір

АҚШ-да алғашқы рет тек әйел адамдарға арналған құлшылқ ордасы ашылды. Оның ашылу рәсімнде ел аумағынан 150-ге жуық ақ жаулықтылар мешітке келіп, құлшылық жасады. Осылайша, бұрын синагога болған ғимарат енді барлық дін өкілдерінің басын қосқан орталыққа айналды.

АҚШ тарихындағы алғашқы әрі жалғыз мешіттің дүниеге келуіне 29 жасар Хасни Мазнави есімді мұсылман қызы мұрындық болған. «Біз тек әйелдердің уағыз тыңдап, рухани кемелдене алатын қауіпсіз орын болғанын қаладық. Бұнда кез келген әйел адам кіріп, өзінің басындағы мәселелерді әйел имаммен бөлісе алады. Ал, мұндай мүмкіндік басқа мешіттерде кездесе бермейді. Бұл мешіт бір-бірімізбен ой бөлісіп, жақын араласуға таптырмас мүмкіндік», – деп түсіндіреді ол.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру