Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үндістанда Ислам университеті ашылмақ

28.01.2015 3683 0 пікір

Керала штатының жоғары білім бойынша Мемлекеттік кеңесі осындай шешім қабылдап отыр. Жаңа оқу орны Ислам дінін зерттеумен, араб тілі, әдебиеті, мәдениеті мен философиясын тереңдетіп оқытумен айналысатын болады.

Сондай-ақ, білім ордасы Үндістанның араб елдерімен әріптестік қарым-қатынасын нығайтуға да оң ықпал етеді деп жоспарлануда. Университет әлемнің барлық мұсылман елдерімен ғылыми байланысты да арттырмақ.

Кеңес жоспарына сай, жаңа білім мекемесі студенттердің шетелдерде тәжірибеден өтуін оңтайландыру мақсатында мұсылман мемлекеттерінің Жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатуды да көздейді. Аталмыш жобада университетке Ислам ғылыми орталығы функциясын қосу да қарастырылған. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру