Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүбәрак Мәуліт – Мәскеуде

28.01.2015 3812 0 пікір

Күллі әлем мұсылмандары ерекше ықыласпан қарсы алатын мерейлі мәуліт  Мәскеу төрінде «Крокус Сити Хол» сарайында кең ауқымда аталып өтті.

Салауатты кештің шымылдығы Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Равил Гайнутдиновтің құттықтау тілегімен ашылды. Өз сөзінде ол барша әлем мұсылмандарының Дәуіт, Мұса, Иса, т.б.пайғамбарлардың әмбесіне иман келтіріп, құрмет тұтатынын айтып өтті. «Ал оның ішінде Мұхаммед пайғамбар есімі әрқашан да ардақты, құрметті болып саналады» деді Р.Гайнутдинов.

Мүбәрак кеште бас мүфти мұсылмандардың жүрегінің төрінен орын алған ардақты пайғамбар Мұхаммедің үмметіне қалған құнды сыйы – пайғамбар шашы бұқараға көрсетілді. Айта кетейік, пайғамбар шашы Махачкаладан Мәскеу қаласында осы Рабиул-әуал айында әкелінген еді.

Мәскеу төріндегі Мәуліт кешінде пайғамбарға салауаттар айтылып, ислами жыр-дастандар оқылды. Мұсылман мәдениетінде ерекше орын алатын бұл мереке Мәскеу шаһарында биыл 9-шы жыл қатарынан аталып, әр жылда 6 000-нан аса көрермен жиып келеді. Биылғы мәулітте мұсылман көркемөнері көрмесі де ел назарына ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру