Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Берлин мұсылмандары ресми мәртебе алады

27.01.2015 3929 0 пікір

Неміс Социал-демократиялық партиясы көшбасшылары жергілікті мұсылман қоғамдастығымен арнайы келісім жасап, мұсылман үмметіне ресми статус беруді көздеп отыр.

«Мұсылман халқын Германияның ажырамас бөлігі санасақ, онда біз олардың құқықтарын таптамайтын жағдай жасауымыз керек» деген партия жетекшісі Раид Салех бастаған белсенді топ қазіргі уақытта келісімшарт жобасын әзірлеу үстінде. Олардың айтуынша бұл жоба діни кемсітушіліктің тамырына балта шабады, өз кезінде христандар мен яхуди қауымы үшін жасалған ресми мәртебе беру туралы құжат секілді бұл келісім де мұсылман қауымы құндылықтарын қадірлеу мақсатында дайындалуда.

Аталмыш жоба бойынша мұсылмандар өз діни мерекелерін атап өтуіне, жерлеу рәсімдері мен өзге де өзекті мәселелерді оңтайлы шешуіне қызмет етпек. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру