Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Америкалықтарға тегін Құран таратылды

19.01.2015 3796 0 пікір

Америкалықтарға тегін Құран таратылдыАҚШ мұсылмандарының құқыққорғау ұйымы ағартушылық бағыт бойынша жұмыс жасайтын екі кампанияны іске қосты. Аталмыш кампнаиялар қоғамдағы Ислам жайлы пікірталастарға қатысып, сөз бостандығы бағытында жұмыс атқаратын болады.

«Құранда мұсылмандарды жәбірлеушілік пен қиянатқа қарсы қару алып емес, Құдайдан дұға сұрау арқылы қорғану керектігі айтылған», – дейді Америка-Ислам қатынасы Кеңесінің атқарушы директоры Нихад Авад.

Аталмыш кампаниялар елдегі белең алып тұрған исламофобиялық әрекеттерге қарсы күресін діни наным-сеніміне бөліп қарамастан, америкалықтарға қасиетті Құран Кәрім кітабын таратудан бастады. Жоғары сапамен шығарылған Құран кітаптарында араб тіліндегі тұпнұсқа мәтінге қоса, ағылшын тіліндегі аудармасы мен оқылуы да қоса жазылған.

Сондай-ақ, қалам ұстаған қауымға арнап «Америкалық мұсылмандар: журналисттерге арналған Ислам дінінің түсіндірмесі» атты брошюра да таратылды.

www.muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру