Тәжікстан Жоғарғы соты «Сәлафия» діни ағымын экстремистік деп таныды. Бұл жайында республиканың бас прокуратурасы баспасөз қызметі мәлімдеді.
Осыған ұқсас шешімді Жоғарғы сот 2014 жылдың 8 желтоқсанында қабылдаған еді. Онда Тәжікстан елінде аталмыш ұйымның уағыз-насихатын жүргізуге, әдебиеттері мен өзге де материалдарын кіргізуге, таратуға, сондай-ақ интернет ресурстарының ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салынды. Ендігі уақытта осы ағым мүшелері ТР Қылмыстық Кодексінің «Экстремистік бағытқа ашық шақыру» 307 бабы бойынша заңмен айыпталатын болады. Қазіргі уақытта республикада экстремистік және террористік топқа жататын 20 ұйым бар, олардың қатарында «Әл Каида», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Талибан» қозғалысы, «Мұсылман бауырлар», сондай-ақ, «24 топ» секілді аты шыққан ұйымдар да бар.
ummet.kz-ақпарат
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.01.2015
3926
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру