Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандар мыңдаған жанға гүл сыйлады

13.01.2015 4805 0 пікір

Мұсылмандар мыңдаған жанға гүл сыйладыСүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған күнін мерекелеген Ноттингемдік мұсылмандар жамағаты Ислам діні жайлы қатып қалған қате түсінікті жібітіп, жүректерге мейірім ұялату мақсатында көшедегі жүргіншілерге мыңдаған раушан гүлін сыйлады.

«Раушан гүлі, бұл – махаббат пен мейірімнің, үйлесімділік пен үміттің белгісі. Біз осыны барлығымен бөліскіміз келеді», – дейді Ноттингемдегі мұсылмандар тобының негізін қалаушы Вахид Заман.

«Махаббат, бейбітшілік және үндестік» деген ұранмен өткен Мәуліт мерекесінде 50-ге жуық мұсылман жамағаты Ноттингем көшелеріндегі жүргіншілерге жалпы саны 2 000 тал раушан гүлдер сыйлады.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру