Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал мейрамханаларды табуға көмектесетін андроид қосымшасы шығарылды

13.01.2015 3929 0 пікір

Халал мейрамханаларды табуға көмектесетін андроид қосымшасы шығарылдыСингапурлық компания жаңа мобилді қосымша ойлап шығарды. Осы арқылы саяхатшы мұсылмандар өздеріне қажетті халал мейрамханаларды оңай таба алады. HalalTrip компаниясының тегін орнатылатын бұл қосымшасы Apple iOS және Android базаларына арналып жасалған. Қолданушылар қосымша арқылы халал мейрамханалардың мекенжайын ғана біліп қоймай, тағамдардың түрлерін таңдап, тапсырыс беруге, тіпті өздерінің суреттері мен пікірлерін де қалдыра алады.

Сондай-ақ, мәзірде көрсетілген тағамның құрамы жайлы да толық ақпарат алуға болады. Қосымшадағы ақпараттар араб және ағылшын тілінде беріледі.

Аталмыш компанияның атқарушы директоры Фазаль Бахардин өз сөзінде саяхат уақытында мұсылмандар үшін халал тағамдармен тамақтану үлкен мәселе болып табылатынын жеткізді. Олар ойлап тапқан қосымша нақ осы мәселенің оң шешімін тауып, оңтайландыруға арналған.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру