Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

2015 – Татар дін қайраткерлерінің жылы

08.01.2015 4301 0 пікір

2015 жыл Татар дін қайраткерлерінің жылы деп жарияланды. Бұл жайында Татарстан республикасы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Кәміл Самиғуллин мәлімдеді.

Аталмыш шешім қасиетті мәуліт мерекесі қарсаңында Татар Дін басқармасында өткен пленумда қабылданды.

«Біз осы айтулы жыл ішінде артында хаты қалған ғалым имамдарымыздың есімдерін екшеп, олардан қалған құнды мұраларды жыл соңында баспаханадан кітап етіп жариялаймыз. Бұл әр татар баласы үшін өз топырағынан шыққан дін қайраткерлерін танып-білуіне үлкен мүмкіндік беретін болады», - дейді Татар мүфтиі Кәміл Самиғуллин.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру