Ресейдің Ахмет қажы Қадыров атындағы аймақтық қоғамдық қоры Мәуліт мерекесінің құрметіне орай Грозный қаласындағы 20 жанұяға қуаныш сыйлады. Сүйікті пайғамбарымыздың туылған айы – Мәуліт мерекесінде оларға пәтер беріліп, баспаналы болды.
Ел басшысы Рамзан Қадыровтың инстаграм әлеуметтік желісінде бұл оқиғаның басты қаһарманы ретінде қор президенті Қадыров Айман Несиева суреттелген.
«Оның шешімімен қор мұқтаждыққа өмір сүріп жатқан 20 жанұяға пәтер сатып әперді. Аталмыш тізімге ауыр науқасты балалары, жетім немесе жартылай жетімдік зарын тартқандар мен парызын өтеу жолында Шешен елінің Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің жесірлері жатқызылды» – делінген аталмыш парақшада.
Айта кетейік, Аймақтық қоғамдық қор Мәуліт мерекесіне орай бұдан бөлек 800 жанұяға қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, 50 000 рубль көлемінде ақша таратқан болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.01.2015
4002
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру