Татар елінің бас мешіті «Құл Шәріпте» ел тарихында тұңғыш рет қасиетті Құран кәрімді тәулік бойы оқу басталды деп хабарлайды Татарстан Мұсылмандары Діни Басқармасының баспасөз хатшысы Ахмад Халықов.
«Бұл үрдіс Ресей тарихы үшін де айрықша. Себебі, Құран аяттарын үздіксіз 24 сағат оқу тұңғыш рет өткізілуде. Тәулігіне 24 сағат Алланың сөзін ұлықтайтын татар хафиздері еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дұға етіп, елдің, жердің тыныштығын сұрайды Алладан» дейді Халықов. Оның айтуынша Қазан қаласы Стамбулдан кейінгі әлем бойынша Құран кәрімді үздіксіз тәулік бойы ұлықтаған қала болып отыр.
Ал күн мен түнді жалғастырып Құран оқушы хаифздер – «Құл Шәріп» мешітінің имамдары мен Қазандағы Ресей ислам университетінің түлектері. Ал киелі оқу ордасының бір факультетінде арнайы қари-хафиздер дайындалады.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.01.2015
3937
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру