Өткен жұмада скандинавиялық қала көшелерінде мұсылман халқына қолдау білдіру мақсатында швед халқы жиын жасады.
Естеріңізге сала кетсек, бейсенбі күні батыс жұртшылығы католиктік Рождество мерекесін өткізіп жатқан уақытта белгісіз біреулер Эскильстун қалалық мешітінің терезесіне от қойып, жағып жіберген болатын. Осының салдарынан 5 адам жарақат алып, оның екеуіне жедел-жәрдем көмегі қажет болды. Осы уақытта мешітте 70-ке жуық адам құлшылық етіп жатқан.
Facebook әлеуметтік желісі арқылы тез тараған уақиғаны естіген швед жұртшылығы ертесіне мешіт алаңына жиылып, мұсылман қауымына қолдау білдіріп, мұндай бұзақылықпен бірігіп, қоғам болып күресудің нағыз үлгісін көрсетті.
«Бірнеше жүздеген тұрғындар мұсылман жұртшылығымен достықта екенін, шынайы достық ниетін білдіріп жиылып отыр» дейді Эскильстун полиция өкілі Роланд Линдквист.
«Біз мұндай бассыздыққа, бұзақылыққа бей-жай қарай алмаймыз. Әркімнің сенім бостандығы бар. Оны ешкім де шектемеуі керек, заң алдында баршаның құқы бірдей. Біз бұл қылмысты жасағандарды жазасыз қалдырмаймыз» деп мәлімдеді Швеция премьер-министрі Стеван Левен.
Осы ретте Швед билігі қоғамда көрініс тауып жатқан исламофиялық жат құбылыспен күресу үшін ұлттық стартегияны әзірлейтіндіктерін жария етті. Маңызды құжатқа осы елдегі мұсылман жамағаты мен ұйымдары да өз үлестерін қосып, атсалысатын болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.01.2015
4123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру