Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЮНЕСКО мұсылман ғалымы еңбегін бағалады

29.12.2014 3725 0 пікір

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы алдағы 2015 жылы мұсылман ғалымы Ибн әл-Хайтхамның шығармашылығы мен өмірін елге кеңінен таныту мақсатында арнайы бағдарлама қабылдады.

Ибн әл-Хайтхам әлемге аты «заманауи оптиканың әкесі» деген атаумен танылған мұсылман ғалымы.

"Халықаралық жарық жылы-2015" атауымен өтетін ғалым мұрасына арналған шараның ресми ашылуы 2015 жылдың 14-15 қаңтарында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткізіледі.

Игі шара барысында ибн әл-Хайтхамның 1001 интерактивті экспонаты қойылады, жаңашыл ғалымның еңбектері таныстырылады, семинарлар өткізіледі.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру