Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Лондонда мұсылман үмметіне арналған арна ашылды

29.12.2014 3560 0 пікір

Лондондағы жаңа медиа-компания әлем халқына ислам діні хақында жағымды жаңалықтарды таратуды қолға алды.

Alchemiya аталатын сандық телеарна бейбітшілік пен берекенің ортасы, мейірімнің мекені Ислам діні туралы шынайы ақпараттарды тарату мақсатында құрылғанын да айта кетуіміз керек.

Бақытты жас отбасылар, алғыр да зерек балалар, табысты әкелер, мейірімді қамқор аналар – осы діннен орын алар адамдар.

Аталмыш арнаның өзге ақпараттық-сараптамалық арналардан айырмашылығы, мұнда жаңалықтардан гөрі әлем мұсылмандарының жеткен жетістіктері, білім мен ғылым, өнердегі табыстары басым болып, арна ақпаратына мұсылман өркениеті арқау болады. Материалдар көркем және деректі фильм түрлерінде көрермендерге ұсынылатын болады. Ал игі жобаның жетекшісі Навид Ахтар Alchemiya телеарнасын өмірлік өлшем мысалын көрсетуші бағыт дейді: отбасы, денсаулық, саяхат, және т.б. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру