Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шіркеу қызметкері мұсылмандарға алғысын білдірді

29.12.2014 4223 0 пікір

Шіркеу қызметкері мұсылмандарға алғысын білдірдіНигерияның Кадун штатында 200-гу жуық мұсылман жастардан құрылған еріктілер жасағы христиандық шіркеуді күзетуге атсалысты. Бұл жайында жергілікті пастор Иоханна Буру мәлімдеді.

Евангелисттік шіркеу қызметкері мұсылмандардың «мейірімі мен жанашырлығына» қатты толқығанын айтады. Ол өзінің діндес бауырларына мұсылмандардан үлгі алып, ешқандай дінаралық немесе ұлтаралық араздық тудырмастан, бейбіт өмір кешуге шақырды. 

Айта кетейік, өткен жылы Нигерия мұсылмандары діни ғимараттарға жасалған қастандық шаралары мен лаңкестік оқиғалар жиілеп кеткен тұста да тұрақты түрде күзет жұмысын атқарған болатын.

www.muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру