Ұлыбританияның Сметвик қаласы билігі өткен аптада жаңа мешіттің әрі Бангладеш ислам орталығының құрылыс жобасын бекітті. «Жобаға қарасаңыз бұл бұрын-соңды болмаған, қайталанбаған ерекше ғимарат» дейді Лейбористік партияның жергілікті кеңесінің мүшесі Захур Ахмед. Ол қала билігінің осы жобаны мақұлдап, бекіткені ризашылығын білдіріп, мешіттің бұқара игілігіне қызмет ететінін айтты.
Ал бұрындары мұндағы мешіт өндірістік ғимараттарда ораналасқан еді. Енді жаңа мешіт 3 қабатты кешеннен және шыны галереясымен бөлінген екі бөлек ғимараттан тұратын жаңа кешенге көшеді.
Айта кетерлігі, жаңа нысанға мешіттің негізгі бетіндегі ислам көркемөнеріне негізделген алтын түстес декоративтік экраны ерекше өң береді. Ал қос ғимаратта оқу сыныптары, құлшылық залдары, компьютер және тренажерлік залдары бар.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.12.2014
3893
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру