Өзге діндегі отандастары жаңа жыл мейрамына дайындық жүргізіп, қарбаласып жатқан шақта ілім іздеген жүздеген мұсылман Торонто қаласындағы қонақ үйлердің біріне жиналып, Ислам діні жайлы көшпелі семинар отырысына қатысты.
«Ислам рухының жаңаруы» аталатын семинарға көптеген танымал мұсылман ғалымдары қатысып, түрлі тақырыптарда дәріс оқиды. Семинарға қатысушылар Солтүстік Американың барлық түкпір-түкпірінен жиналды.
«Білім адамға өздігінен келмейді, білімді іздеу керек», – деді шейх Мұхтар Маграуи семинардың ашылуы салтанатында. Семинар аясында шейх Абдулла бин Байя, д-р Сеид Хуссейн Наср, шейх Абдул Хаким Мурад, шейх Хамза Юсуф, имам Зайд Шакир, шейх Мухаммад Нинови және шейх Мухтар Маграуи секілді танымал Ислам ғалымдары қатысады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.12.2014
4076
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру