Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Каллиграфия сабағы түрік лицейлеріне енгізілетін болды

23.12.2014 4332 0 пікір

Түркия ұлттық білім мәселелерінің 19-съезі барысында лицей оқу бағдарламаларына енгізілетін міндетті сабақтар қатарына араб графикасы негізіндегі ежелгі түрік тілі кіргізілуі керек деген шешім қабылданды. Бұл шешім Антальяда өтіп жатқан Білім министрлігі ұйымдастырған съезінде мәлім болды.

«Білім сапасын арттыру», «Оқыту бағдарламалары және сабақ кестесі», «Мектептегі қауіпсіздік мәселесі» және «Білім саласын басқару сапасын арттыру» секілді маңызды тақырыптар қозғалған ауқымды форумда лицей оқу бағдарламаларына жаңа пән – ежелгі түрік тілін енгізу жайы да қарастырылды. Түріктер өз ата-бабаларының қабірі басындағы ежелгі түрік жазуын оқи алмайтын жалғыз халық болып отыр, сол себепті бұл пәнді енгізудің маңызы зор деген мамандар сондай-ақ, осы арқылы каллиграфия саласын да дамытуымызға болатынын да айтуда.

Алайда, бұл пәнді енгізудің аса маңыздылығы жоқ, тек қосымша факультатив сабақтары ретінде енгізсе де жеткілікті, ықыласы бар оқушылар өздері келіп жазылады деген көзқарасты ұсынушылар да болды. Дегенмен көпшілік дауысқа салу нәтижесінде Түркия лицейлерінде араб графикасы негізіндегі ежелгі түрік тілін міндетті пәндер қатарына енгізу жайлы ұсыныс қабылданды

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру