Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Христиан дініндегі губернатор 30 имамға қажылық жолдамасын берді

19.12.2014 3980 0 пікір

Христиан дініндегі губернатор 30 имамға қажылық жолдамасын бердіИндонезия астанасы Джакарта губернаторы қаладағы 30 мешіттің имамын кіші қажылыққа үкімет есебінен барып-келуге бұйрық шығарды.

Қала басшысы болып қызмет атқаратын Басуки Чахая Пурнама бұл қуанышты хабарды сейсенбі күні жариялаған болатын. Ал, бүгін 30 имам Сауд арабиясына жол тартты.

«Мен таңғалғанымнан сөйлей алмай қалдым. Бірден жүктерімді жинауға кірістім», – дейді 65 жасқа келген Мадари ақсақал. Ат-Тауфик мешітінде 15-жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан оның айлық жалақысы айына 23 доллар ғана. Бұндай жалақымен оның Меккеге бару жайлы ойы орындалмас қиялдай көрінетін.

www.muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру