Палестиналық Дания әл-Жабари есімді қыз бала Сингапурде өткен Халықаралық математика жарысында жеңімпаз атанды. Айтулы сайысқа әлемнің 15 елінен 1500-ға жуық дарынды оқушылар қатысып, өз бақтарын сынаған.
Палестина мемлекетінің атынан 14 жасар Дания әл-Жабари мен 18 жастағы Ахмад Нашвият қатысқан болатын.
Дания сайыс барысында 230 қиын есепті 8 минут ішінде шешіп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Ал, Ахмад болса, 180 есепті шешімін тапқан.
14 жасар мұсылман қызы бұған дейін бірнеше мәрте математикалық сайыстардың жеңімпазы атанған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.12.2014
3761
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру