Тегераан қаласындағы (Иран астанасы) Алламе Табатабаи атындағы университетте түрлі тілде жарық көрген қасиетті Құран даналарының көрмесі өтуде.
Нақтырақ айтқанда, көрмеге парсы, орыс, қытай, неміс, француз, ағылшын, түрік, әзірбайжан, испан және өзге де тілдерде жарық көрген қасиетті кітаптың даналары қойылған. Сондай-ақ, бұл көрмеден Құранды тәржімалаған адамдар туралы ақпараттар қамтылған плакаттарды да тамашалауға болады.
Аталмыш шара Құранды аудару жөніндегі тұңғыш рет өткізіліп отырған халықаралық конференция аясында қолға алынған болатын. Осынау жиынға әлемнің он елінен, атап айтқанда, Ресей Федерациясынан, Франциядан, Испаниядан, Пәкістаннан, Қытайдан және Әзірбайжаннан, т.б. елдерден білікті аудармашылар қатысуда.
Бұл жайында Islam-today ақпарат көзі хабар таратты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.12.2014
3935
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру