Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Лаңкестік пен экстремизмге қарсы әлем ғалымдары бас қосты

11.12.2014 4168 0 пікір

Египет астанасы Каир қаласы  желтоқсанның алғашқы  апталығында әлемнің түкпір-түкпіріндегі ислам ғалымдары мен өзге дін өкілдерінің басын қосты. Негізгі мақсат қазіргі әлемде қалыптасқан түрлі лаңкестік оқиғалар мен экстремистік пиғылдардың Ислам дініне қара күйе жағуына бейбіт түрде тойтарыс жасау. Мың жылдық тарихы бар Әзһар-шәріп ғұламалары ұйымдастырған терроризм мен экcтремизмге қарсы халықаралық конференцияға елімізден «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім қатысты. Алқалы жиынға келгендер дініне, ұлтына қарамастан адамзатты үрейлендірген лаңкестік пен экстремистік әрекеттерге қарсы бірауыздылық танытып, бұл ешқандай дінге де, адами құндылықтарды дәріптеген қоғамға да қатысы жоқ мәселелер екенін атап өтті. Тек ислам дінінің ғана емес, адамзаттың даму үдерісіне қауіп төндіруші бұл фактордың құрбандары да жазықсыз жандар. Ал қасиетті Құранда (әл-Мәидә сүресі, 32-аят): «...Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамзатты өлтіргенмен тең және кім оның біреуін құтқарса барлық адамзатты құтқарғанмен тең...»,-деген. Сондықтан бір адамның тағдырын бүкіл адамзатқа теңеген асыл дініміз Исламды тырнағын ішіне бүккен бүлікші топтардың пиғылынан арашалап,  тойтарыс беру үшін әлем ғалымдары өзара ақыл-кеңес құрып, сан-салалы жолдарды қарастырды.  

 Айша КЕҢЕСБАЙ,
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру