Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауған елінде ірі ислам орталығы бой көтереді

09.12.2014 3562 0 пікір

Ауған мұсылман ғалымдары Сауд Арабиясының Қабул қаласында ірі ислам орталығын салу туралы ниетін жоғары бағалады.

«Сауд елі салатын ірі орталық Ауғанстан, Пәкістан және өзге де елдегі медреселерде экстремизм, терроризм мен фундаментализмді өршітпейді, керісінше келісім, ынтымаққа бастайды деп сенеміз» дейді өз сұхбатында ауған исламтанушысы Хидаятуллах Хидаят.

Айта кету керек, Қабулда салынатын орталықтың құны 100 млн долларға бағаланып отыр. Онда 5 мыңдай студент ілім алатын болады. Аталмыш ислам орталығында 15 мың адамға есептелген Сауд королі Абдулла бин Абдулазиз атындағы мешіт және ислам университеті салынады.

«Бізде Ауған жерінде бейбітшілікті нығайтудың көптеген мүмкіндіктері бар. Сауд Арабиясы Ауған елі мен Пәкістанмен тығыз қарым-қатынаста. Біз осы елдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті жақсартуға күш салғымыз келеді» дейді Ауғанстандағы Сауд Арабиясының елшісі Мисфир бин Абдуррахман әл-Ғасиб.

Елші Сауд елі атынан Қабулда бой көтеретін ірі ислам орталығының құрылысын жүргізетін компаниямен келісім-шартқа қол қойды. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру