Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әр шаңыраққа – Құран Кәрім» акциясы басталды

05.12.2014 4436 0 пікір

Ресей ислам университетінің бастамасымен «Әр шаңыраққа – Құран Кәрім» атты акциясы бастау алды. 1-31 желтоқсан аралығында өтетін акция барысында ізгі ниетті барша шаңырақта  Құран Кәрім оқылады деп жоспарланған.

«Сіз үйіңізде тазалық жүргізесіз бе? Ал рухани тазалықты ше? Шаңырағыңызды жын-шайтаннан, көз тию мен түрлі жаманшылықтардан тазалауды ұмытпаңыз. Құран оқылған үй Алланың мейірімі мен тыныштығында болады. Ол үйге періштелер үйір келеді. Құран көбірек оқылған үйде береке де болады». Бұл игі бастаманы ұйымдастырушылардың халыққа арнаған алғысөздері.

Айтулы акция барысында желтоқсан айында толығымен ізгі істі ұйымдастырушылар ниет білдірген үйде азан шақырып, Қасиетті Құран аяттарын оқиды, сондай-ақ көкейде жүрген сан сауалдың шариғи жауаптарын береді. Әлбетте, ақыреттік жақсылықтан үміт еткендер бұл қызметтің барлығын да тегін жүргізеді. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру