Мичиган штаты университетіне барша студенттер жиылып, жыл сайынғы ортақұрсақ адамдар үшін өткізілетін шараға ортадан қаражат шығарып, игі істі бастап та кетті. «Әртүрлі этникалық топтар мен ұлт өкілдерінің игі істе бірігіп, жұмыла жұмыс жасағаны таңқаларлық жағдай» дейді шараға қатысушы Айша Шейх есімді студент қыз.
2Fast2Feed деген атаумен өткізіліп отырған акцияда студент жастар күні бойы ас-тамақ жеместен, ауыз бекітіп, кешке бірге ауыз ашып, өз әсерлерімен бөлісті. Ал жиған қаражатты үйсіз-күйсіз жүрген адамдарға арнап, оларға ыстық тамақ та таратты.
Айта кету керек, аталмыш акция Мұсылман студенттері ассоциациясының ұйытқы болуымен өткізілуде. Акцияға 120-дан аса студент жастар қатысып, таң сәріден кеш батқанға дейін ауыз бекітті. Қазіргі уақытта игі істің ұйытқысы болып жүрген ұйыммен АҚШ-тың 200-ге жуық ЖОО-дары бірігіп жұмыс істеп келеді.
Ал жуырда жүргізілген зерттеулер нәтижелері америкалық мұсылман жастарының өмірге деген көзқарастарының оң екендігі, елінің болашағына жарқын көзбен қарайтындықтарын көрсетіп, бірқатар ақпарат құралдары арқылы мәлім еткен еді.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.12.2014
4219
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру