Албания мұсылмандары ел астанасында Орталық мешіттің салынуын сонау 90-жылдардан бері күтіп келеді. Арманға айналған Орталық мешіттің ақыр соңында салынатыны белгілі болды.
Албан мұсылмандарының көшбасшысы Скендер Брукадж елдегі ең ірі мешіттің құрылысына қатысты барлық бөгеттердің жойылғанын мәлімдеді.
Албания премьер-министрі Эди Рама мешіт құрылысына ресми түрде рұқсат берді. Айта кетейік, Тиранадағы Албания Парламенті ғимаратына жақынжерде жерде мешіт іргетасы өткен ғасырдың 90-жылдары құйылып қойған болатын. құлшылық ордасының содан бері бой көтеруіне түрлі мәселелер кедергі келтіріп келген еді.
Ал, өткен жылы елдегі католиктік және православтық шіркеулер өздерінің ірі ғимараттарын тұрғызып үлгерген. Қазіргі уақытта Албания тұрғындарының 57 пайызы ислам дінінде.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.12.2014
3867
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру