Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жапониядағы мешіттер және мұсылмандар саны анықталды

02.12.2014 4745 0 пікір

Жапониядағы мұсылмандар саны 1980 жылдардың соңында Пәкістаннан, Ираннан, Бангладештен және Индонезиядан жұмыс іздеп келген имигранттардың санымен арта түскен болатын. Тіпті, жиырмасыншы жылдары революция кезінде Ресейден әкелінген түрік мұсылмандар Күншығыс еліне ислам туралы хабар таратқан деседі.

Сондай-ақ, Әл-Азхар университетін тәмамдаған египеттік имам Мохсен Байоми де ислам дінін таратуда едәуір үлес қосты. Ол өзі келген уақыттан кейін мешіттердің саны өсе бастағанын айтады. Және 60 жапондықтың ислам дінін қабылдағандығының куәгері болған.

Соңғы деректер бойынша, Жапонияда 120 000 мұсылман бар екендігі және 60 мешіттің жұмыс істейтіндігі мәлім болды.

asylarna.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру