Британия ханзадасы Чарльзге тәж кигізу рәсімінде Англичандық шіркеу епископының қасиетті Құран аяттарын оқу туралы ұсынысы бірқатар христиан діні өкілдерінің ашу-ызасын тудырды. Ал, Пентргарттық эпископ Лорд Харрис осындай салтанатты рәсім үстінде қасиетті Құран аяттарын оқу елдің ықыласын туғызатынына сенімді.
Харрис Вестминтер сарайында өтетін тәж кигізу салтанаты барысында Құран оқу туралы өткен жұмада лордтар палатасының жиналысында ұсынған болатын. Бұрынғы епископ 2013-жылы Бристоль соборындағы құлшылықтың "Фатиха" сүресінің оқылуымен ашылғандығын еске салып өтті.
Алайда, христиан дініндегі өзге басшылар бұл айтылғанға үзілді-кесілді қарсы шығып, британдық құндылықтарды бағалауға шақырды. «Британ құндылықтары христиандық мұралармен бірге жасасып келеді, – дейді Андреа Миничелло Уильямс есімді Синод өкілі. – «Біз барлық дін бірдей деп көз жұмып қарай алмаймыз».
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.12.2014
3977
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру