Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әл-Азхар» шейхы 600 жапондықты Хақ дінмен қауыштырған

28.11.2014 4086 0 пікір

Египеттегі аты мәшһүр «әл-Азхар» университетінің шейхы өзінің Жапон еліндегі діни-ағартушылық қызметі кезінде жүздеген жапондықтың Ислам дінін қабылдауына себеп болған.

Мұхсин Байюми 55 жаста. Жапония қаласы Ибаракиде мешіт имамы әрі Жапон халал ассоциациясы жетекшілерінің бірі. Шейх Байюми Мысыр орталығы Каир маңында туып-өскен, 9 жасында Құранды жатқа оқып, хафиз атанған. Осылайша «әл-Азхар» университетінің дипломын алған.

Айта кету керек, «әл-Азхар» университеті өз түлектерін әлем елдеріне хақ дін турасында сабақ жүргізіп, дін көкжиегін кеңейтуде өзіндік жол салып келеді. Шейх Байюми де 2000 жылы осы түлектердің қатарында университеттен Кобе қаласының мұсылман жұртшылығымен етене жақын жұмыс істеп, имамдық қызмет қылуға аттанады. 2010 жылы ол Ибараки қаласына ауысып, сонда жергілікті мешіттің негізін қалайды деп жазады Japan Times.

Әлемге белгілі, 11 қыркүйек оқиғасынан соң шейх Байюмиге түрлі тараптардан алуан пиғылды мақсаттағы қоңыраулар шалынып, оған қауіп те төндіреді. Алайда, олардың ызғарлы да ашулы сөздеріне шейх Байюму байсалды жауап беріп, қоңырау шалушы адамды мешітке шақырып, көптеген салиқалы сұхбаттар жүргізеді.

«Менің көз алдымда Жапонияның 600 азаматы Ислам дінін қабылдады» дейді имам өз сөзінде. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру