Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бангладеш министрі қажылыққа тіл тигізіп, қамауға алынды

28.11.2014 3604 0 пікір

Бангладеш астанасы Даккада Пошта және телекоммуникация, ғылым және технология экс-министрі Абдул Латиф Сидике полиция қамауына алынды. Экс-министрдің мұсылман жұртшылығына тіл тигізуі тағылған айыпқа негіз болуда.

Саясаткер осыдан біраз уақыт бұрын қажылық маусымында қасиетті шаһарға аттанған қызметкерлерінен «босқа» ажырап, жұмыс игерілмей қалып жатыр деген болатын. «Қажылық кезінде еңбек ресурсы босқа шығын болады. 2 млн-нан аса адам Сауд Арабиясына қажылыққа кетті. Олар осы уақытта жұмыс та істемейді, еш пайда келтірмейді» деп мәлімдеген экс-министр.

Бангладеш полициясы өкілдері жоғарыдағы мәліметті растады. Алдын ала тараған ақпарат көздеріне сүйенсек, шенеунік өзіне тағайындалған айыппұлды төлегеннен соң босатылады екен. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру