Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

5 жасар мұсылман баласы Microsoft-тың сарапшысы атанды

27.11.2014 3940 0 пікір

5 жасар Аян Куреши Microsoft-тың арнайы сынағын сәтті тапсырып, аталмыш трансұлттық компанияның тарихындағы ең жас сарапшы атағына ие болды.

Аян Куреши – Пакистанда туылған Ұлыбритания азаматы. «Маған компас және телескоп әсіресе призмалар қатты ұнайды» - дейді жас сарапшы.

Оның әкесі Асим Кураши да IT-маманы. Оның айтуынша Аян кішкентайынан компьютерлерге аса қызығушылық танытқан көрінеді. Баласының мұндай қызығушылығын байқаған Асим ұлына компьютерді қолданудың негіздерін үйрете бастаған екен. Көп ұзамай Аянның өзі операциялық жүйелерді жетік меңгеріп кетеді.

Айта кетерлігі, Аян  Microsoft-тың сарапшысы ретінде танылған дарынды мұсылман-балаларының алғашқысы емес. 2004 жылы пакистандық 9 жасар Арфа Карим есімді қыз бала және 2012 жылы 100 баллдың 91-не дұрыс жауап берген 8 жасар пакситандық бала да Microsoft сарапшыларының қатарын толықтырған. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру