Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандар қоғамдастығы 50 жылдығын тойлады

26.11.2014 3579 0 пікір

Мұсылмандар қоғамдастығы 50 жылдығын тойладыАҚШ-ның солтүстік-шығысындағы Жаңа Англия деп аталатын аймақта орналасқан Ислам орталығы мұсылмандар қоғамдастығының құрылғанына жарты ғасыр уақыт толғанына атап өтті.

 «Ислам діні ешқандай атыс-шабысты, адам өлтіруді, тіпті араздықты қолдамайтын дін, – деді Ислам орталығының бұрынғы президенті. – Біз өсіп келе жатқан ұрпаққа Ислам дінінің ИШИМ немесе Әл-Каида емес екенін анық көрсетуіміз қажет. Ислам – бейбітшілік діні».

1964-жылы аталмыш орталық ашылған кезде, оның құрамында небары 7 жанұя ғана болатын. қазіргі уақытта орталыққа мүше болған отбасылардың саны мыңнан асып-жығылады. Сондай-ақ, олардың арасында 36 ұлт өкілі тіркелген көрінеді.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру